шаблоны joomla образование

Өзгеге қарап қана өзіңді бағамдайсың, қазақ журналистері елде ғана емес, әлемде өз орнын айқындай алу үшін көзі ашық болу керектігін көздеген семинар бір мақсатына жете алды. Ол – шетел журналистикасы мен журналисінің тіршілігімен танысу, тәжірибесін алу, керегін іске жарату. Осы тұста семинарға қатыса алмай қалған әріптестер үшін Түркия журналистикасы мен журналисінің жай күйі туралы айтылған ХЕДИЕ ЕРОҒЛҰ ханымның ойларын қаз-қалпында беруді құп көрдім, мархаббат!

БІЗДІҢ ЖУРНАЛИСТЕР – ҚЫЗУҚАНДЫ

(журналистің жағдайы)

Журналистің міндеті – дінге, ұлтқа, жынысқа бөлінбеу;

Түркияда журналистер үшін сөз бостандығы шекті, демокриятиялық құндылықтарды насихаттаймыз;

Түркия журналистерінің әр күні қарбаласпен өтеді, біз түріктер – қызуқанды халық болғандықтан, журналистеріміздің жұмысы, репортажы, мақаласы да қызуқанды;

Түркия журналистерінде сары карточка болады, оны алу кез келгенге бұйырмайды, ол үшін 2 жыл журналистикада жұмыс жасау керек, қол үзбу керек, оны сақтандыруға қалтасынан ақы төлеп отырады. Осы карточка журналст жұмысына көп жеңілдік жасайды;

Мәжілістегі 550 депутаттың ұялы байланысы бар, кез келген уақытта біз сұрағымызды қойып, мазалай аламыз;

Билік журналистермен толық санасады, бізде Заңды түрде 4-ші билік саналады;

59 журналист жаңа жылды абақтыда қарсы алды, Түркияда сотталған журналист білікті деп саналады. Осы себепті қазірде саясатқа бет бұрып, журналистердің құқығын қорғап, депутаттық қызметті қолға алған журналистер саны артуда;

Түркиядағы журналистердің ақуалына қатысты Заң жобасы жасалып, ұсынылды.

статьи о собаках