шаблоны joomla образование

Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 жылдан бастап кең тараған.Сауда-ұжымдар әлеуметтік желілерге үлкен қызығушылық көрсетті. Уақыт өте осындай жобалардың бірнеше миллиондық аудиториясы пайда болып, үлкен сұранысқа ие бола бастады. Қазіргі таңда танымал әлеуметтік желілердің бірі ретінде Facebook, Twitter, Одноклассники, Vkontaktе, Мэйл.ру-ды айтуға болады. Facebook, Groupon және Twitter сайттары керемет жылдамдықпен өсіп келеді. Қазір бұлардың құны 50 млрд. долларға жақындап қалды. Бұл «Лукойл» компаниясының құнымен бірдей болса, «Газпромның» құнының үштен бірі дегенді білдіреді. Ресми емес мәліметтер бойынша, Facebook желісі 2010 жылы 2 млрд долларға жуық пайда тапты. Компания жұртқа табысын әлі жария еткен жоқ. Оның табысы туралы ақпаратты жариялаған Financial Times компанияға жақын жүретін адамдардың ақпаратына ғана сүйенген. Twitter микроблогтар сервисінің кірісі 2010 жылы 170 млн. долларға жетуі мүмкін. Ал 2013 жылы $1,5 млрд-қа жетіп қалуы ғажап емес. Бұл бағалаулар компанияның ішкі құжаттарында көрсетілген. DST инвесторлары Twitter-дің капиталына да қаражат салғысы келетін ниеттерін білдірген. Алайда, микроблогтар сервисінің акционері ретінде Kleiner Perkins Caufield & Byers инвестициялық қоры аталды. Ең соңғы сәтте америкалық компания ресейлік DST Global компаниясын әупіріммен сүріндірген. Twitter-дің құны 3,7 млрд. долларға бағаланып отыр. Бұл былтырғыдан төрт есеге көп.

Дәстүрлі емес интернет-компанияларды зерттеумен айналысатын Nyppex компаниясының бағалауынша, Facebook компаниясының құны 26,4 млрд. доллардан 41,2 млрд. долларға көтерілген. Құны 4,8 млрд. долларға жеткен Groupon компаниясын Google сатып алады деген әңгіменің өзі-ақ компанияның құнын көтеріп жіберген.

Industry Ventures компаниясының негізін қалаушы Ханс Свилденс компаниялардың бұлайша жылдам дамуы тарихта ешқашан болған емес деп отыр. Жоғарыда аты аталған ең ірі әлеуметтік желілердің бір-екеуіне қысқаша тоқтала кетейін.

Twitter әлеуметтік жүйесі — Интернет кеңістігіндегі пайданушылар үшін әлеуметтік желі және микро-блоггинг желісі қызметтерін ұсынатын Интернет-ресурс, уеб-сайт. Twitter-дің негізін қалаушы әрі қазіргі кезде де Интернет-ресурстың қызметін ұйымдастырушы компания — Twitter Inc. компаниясы. Компания қожайындары әрі Твиттердің негізін қалаушылар: Джек Дорси (Jack Dorsey), Биз Стоун (Biz Stone), Эван Уильямс (Evan Williams) және тағы да басқа бір топ қызметкерлер. Твиттердің негізі 2006 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында қаланды. Қазір Twitter Inc. компаниясының бас кеңсесі Сан-Бруно қаласында орналасқан.

статьи о собаках